Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ҚАЗАСЫН ӨТЕП…

Алла Тағала қасиетті Құранда: “Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ, Алланың құзырына иілушілермен бірге иіліңдер”- деп бұйырған. Зекет те намаз бен ораза сияқты қазасы өтелуін талап ететін амал екенін еске саламыз.

Зекет – мал-мүліктен берілетін төлем болғанымен, дәулетті кемітпейді. Өйткені жиған-тергеннің ақысы ретінде өтелетіндіктен ризық-несібені арттыра түсуге әрі түрлі бәлекеттен қорғауға сеп болады.

Зекет жыл сайын жылдық табыстың есебінен шариғат белгілеген есебіне сай төленуі тиіс. Нисаб мөлшеріне жеткен бойда бұл парызды өтеуге кіріскен абзал.

Бай болған күннен бастап зекет парызы адамның амал дәптерінде жазыла бастайды. Егер ескерілмесе қарыз боп жинала береді.

Зекетті мал, ақша, егін, бау-бақша өнімдері мен заттай да төлеуге болады. Зекет насихаттарының нәтижесінде қазасын өтейтін кәсіпкерлер пайда болды.

“Жорахан” мешітінің имамы Амангелді Дүйсебаевтың ұйымдастыруымен 50 отбасыға азық-түлік таратылды. 1 қап ұн, 5 кг күріш, 5 кг макарон, 5 л май, 2 қорап шәй және т.б заттар үлестірілді.

Зекет, садақа, қайырымдылықтың арасында айырмашылық бар. Алла Тағала қай-қайсысын да қабыл Етсін!

Сарыағаш аудандық орталық мешіті

Пікір жазу