Жаңалықтар Жергілікті

ЗЕКЕТ: АРЗАН ЕМЕС…

Қымбатшылықтың ешкімге қайыры жоқ. Бағаны қолдан көтеріп, адамдарға қажетті нәрселерді қымбаттата беруге шариғатта тиым салынған.

Сол үшін де бабаларымыз “Ынсап сайын береке” деген. Қазір қит етсе, бәрінің бағасы көтеріліп шыға келеді.

Балаларға арналған киімдердің бағасы ұшып тұр. Мұндайда тұрмысы төмен отбасыларға көмек керек-ақ.

Бір сырт киімнің құны – 15 мың теңгеден жоғары. Ал, мектеп құралдарының бағасы да қалтаны қақты.

Кәсіпкерлерді ынсапты болуға және мұқтаждарға жәрдем беруге, тапқан дүниесінің зекетін өтеуге шақырамыз. Шариғат мөлшеріне жетіп, парызын өтемегендердің де, адал жолмен ақша таппағандардың да табысы берекелі болмайды.

Алла Тағала несібені бөлісуге, сараңдықтан сақтанып жақсылық жасауға бұйырған. Ел ішіндегі жетім-жесір, кедей-кепшіктерге көмектесу адами борыш екенін еске саламыз.

Бәйдібек ауданында ерекше акция жүзеге асып жатыр. Еркін Полатовтың бастамасымен зекет пен садақаны мақсатты жұмсау жолға қойылып келеді.

Өткенде бір, бұл жолы тағы бір үйдің балаларын киіндіріп, оқу құралдарын алуға 150 мың теңгеден берілді. “Керімбек Нұрлыбайұлы” мешітінде “Мектепке жол” акциясы аясында қаражат анасының қолына табысталып, қыздарына керегін сатып алды.

Мешіт имамы Мұхаммед Айтмаханбетов демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, бақ-береке Берсін!

Бәйдібек аудандық орталық мешіті

Пікір жазу