Жаңалықтар Жергілікті

ЗЕКЕТ: АҚЫСЫН БЕРУ КЕРЕК

Қазір жиын-терімнің уақыты, егіс даласында тыным жоқ. Диқандар еккенін орып мәз боп жатыр.

Әлі қара күзде, қыста пісетін бау-бақша, алқап өнімдері бар. Күн райы құбыла бастады.

Әнебір жылдары бітік шыққан бидай шіріп кетіп, талай шаруа шығынға ұшырады. Одан бөлек, көктемде тал жемістері құрт түспей-ақ, бүлініп жатады.

Жұрттар мұның бәрін жел мен жаңбырдан көреді. Шын мәнісінде ікәмат өзімізде.

Жалпы сатқан өнімнен мол табыс таппаудың себебі – Алла Тағалаға қарызданудың салдарынан. Зекет парызын өтеген адам титтей де зиян шекпейді.

Зекет – мал-мүліктің ақысы. Кім қандай кәсіппен айналысса да, шариғат не ақшалай, не заттай зекет төлеуге бұйырады.

Мешітке келіңіз, зекет дәрістеріне қатысып, қажетті мағлұматтар алыңыз. Барлық аудан-қалада “Зекет” қорының бөлімдері істеп тұр.

Отырар ауданында Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. “Жанәділ ата”, “Тайтелі ата”, “Арыстан баба” мешіттерінде жамағат атынан азық-түлік, ет таратылды.

Отырар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу