Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: АҚТАЛУҒА ОҢАЙ БОЛАДЫ

Көмекті шын мұқтаж жанға көрсетпесеңіз, Алла Тағаланың алдында есеп беретін күні абай болыңыз. Бізді мешітке келіп алып имамдарға сенбей, атаған заттарын кім көрінгенге таратып кететін азаматтардың әрекеттері қайран қалдырады.

Мешіт – сізге сол ризық-несібе, дүние-мүлік, бала-шаға бәрін берген Алланың үйі. Рахманның разылығы үшін ниет еткен болсаңыз, “Алла Тағаланың Өзі куәлікке жеткілікті” деп қалдырып кетіңіз.

Сіз асығыс таратқандар аса мұқтаж деп айта алмаймыз. Шын қиналып жүргендер келгенде, берерге ешнәрсе таппай қаламыз.

Зекет пен садақаны мешіттерге тапсырсаңыздар, Алла Тағаланың алдында да ақталуға оңай болар еді. Қайырымдылығыңызды қабылдап алған имамдар қияметте өздері жауап береді.

Жалпы Алланың үйіне көмек беру – мұсылмандық бір міндет екенін еске саламыз. “Жорахан” мешітінің имамы Амангелді Дүйсебаевтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Жібек жолы ауылында тұратын тұрмысы төмен 5 отбасыға көмек берілді. 50 келіден ұн, 5 келіден ет пен макарон, 5 литрлік сұйық май үлестірілді.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу