Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: 6 ҚОЙ…

Зекет – мал, мүлік, егін, қаржы қорынан алынатын ақы. Зекет – бес парыздың бірі.

Алла Тағала қасиетті Құранда зекет төлеуді парыз еткенін және қандай сый-сияпатқа бөлейтінін баяндаған. Әлбетте тек зекет берушілерге емес, жалпы сауапты амалдарды көптеп атқаратындарға қисапсыз ризық-несібесін Береді.

Зекет дәрістерінің нәтижесінде бұл парызды орындайтындар көбейіп келеді. Қолында бар кәсібіне қарай заттай немесе мал басымен таратады.

Бәйдібек ауданында бір кәсіпкер қойдан зекет берді. 6 саулық мұқтаждарға мал басы ретінде жеткізілді.

Аудан имамы Еркін Полатов кәсіпкерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, қайырын Берсін!

Бәйдібек аудандық орталық мешіті

Пікір жазу