Жаңалықтар Жергілікті

ӨЗДІГІНЕН ІШІП-ЖЕЙ АЛМАЙДЫ…

Әлеуметтік желіде жұрттан жәрдем сұраған жеткіншектің халі расында мүшкіл екен. Бекболат Бейбітұлы өздігінен ішіп-жей алмайды.

Анасының түтікшемен ішкізгенін талғажау қылады. Оның кеңірдегі мен ішектері біраз жыл бұрын күйіп қалған.

Содан бері осындай күй кешіп келеді. Оған шетелде операция жасату керек.

Жолдама Нью-Делидегі клиникаға бұйырып тұр екен. Әлбетте қаражат қажет.

Түркістан облыстық және қала мешіттерінен баланың жол пұлына жылу жиналды. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді мен шаһардың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков жамағаттың аманатын апарып берді.

Азды-көпті 250 мың теңгенің басы құралды. Алла Тағала отаның сәтті өтуін нәсіп етсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу