Жаңалықтар Жергілікті

Қыз-келіншектер Мəуліт мерекеледі (ФОТО)

Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи мешітінің “қыз-келіншектер” секторының ұйымдастыруымен ақ жаулықты жамағат жиналып Мəулітті тойлады.

“Қош келдің, Мәуліт айы” атты мерекелік шараға сыйлы қонақтар шақырылды. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді көпшілікті қасиетті аймен құттықтады. Аналар мен әйелдердің, қаракөз қарындастарымыздың өмірде жəне қоғамда алатын орны ерекше екенін айтып, ілтипат көрсетті.

Мәуліт айы жайлы хикметтер айтып, Пайғамбарымызға с.а.у жəне ата-бабаларымызға Құран бағыштады.

Мəуліт мерекесіне орай діни əндер шырқалып, мешіт-медресе қыздарынан құралған топ рухани-танымдық қойылымдар қойды.

Мəуліт айы құтты болсын!

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу