42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

“Уф” демеңіз…

Ата-анаға “Түһ” деу – үлкен күнə. Қазіргі балалар “Уф” дейді. Қалай айтса да екеуінің мағынасы бір. Алла Тағала Құранда қатаң ескерткен.

“Имандылық – адам көркі” тақырыбында түркістандық оқушылармен сұхбат өтті. “Хазіреті Əбу-Бəкір” мешітінің имамы Бижігіт Қазтай дін мен дәстүр тұрғысында да насихат айтты.

Мешіт тұрғанда жат ағымға бұрылу, имамдар мен ұстаздар бар да қайдағы шейх-сымақтарды тыңдау – мұсылман баласы үшін қателік саналады. Өйткені білімді білім иелерінен, яки, дінді арнайы оқығандардан үйрену керек.

Елімізде теракт болғалы халық салафиттерден бастап радикал, экстремистерге жиренішпен қарайтын жағдайға жетті. Бұл заңды көзқарас. Сондықтан адасып ем іздегенше, адаспайтын жол табу керек.

Кім-кім үшін де имандылық тура əрі қайырлы жол. Елімізге иманды, білімді, елжанды ұрпақ қажет. Сондай болуға жастар ұмтылуы тиіс. Ұлт зиялыларына ұқсап баққан жан жақсы азамат болары анық.

Сондай-ақ, жиын соңында балалардың ата-ана алдындағы жауапкершіліктері де сөз болды. Ата-ананы қадірлеу – перзентке парыз. Ал, қарттар үйіне апарып тастау – оңбас баланың амалы. Кімге не істесе де, алдынан соның шығарын санада сақтаған жөн.

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру