12.1 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Қуанышпен көрісті…

Наурыз тойын Түркістан облысы он күн ойын қылып өткізіп жатыр. Əр күнге бір амалдан атқару жоспарланған.

Шардарада кіші қажылықты өтеп, сапардан келгендермен көрісу амалы өтіп жатыр. Айтулы күндерге тұспа-тұс елге оралған азаматтар өздерін сағына күткен жамағатқа арнап кең дастархан жайды.

Ас үстінде рухани əңгімелер айтылып, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғырып жатқанына қуанып қалды. Имамдар дәстүрлі дініміздің ұстанымдары мен Құранның хикметтерін, қажылықтың фазилеттерін айтты.

Дінді дәріптеп өткен Абайдай асыл ұлдың әкесі Құнанбайдың қажылығы жайлы айтылды. Ол Меккеге аттанарда досынан сонда жан тәсілім етуін Тәңірден тілесін деп қолқа салады. Сонда досы Құнанбайды ажалға қимай, үндемей қалған. Жанында отырған бір кісі “Өзі үшін болса қалсын, елі үшін болса келсін” деп дұға еткен екен. Оның елге есен оралғанына қуана көріскен, жұрт.

Бүгін е дәм басында бабалар мұрасы еске алынып, құрбандыққа мал шалынып, рухтарына Құран бағышталды. Көрісудің ыстық ықыласты білдіретін, ізгі амал екенін сөз етті.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру