Жаңалықтар Жергілікті

УАҚЫТША…

Түркістан қаласының бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетуге мәжбүр болды. Енді, бұл міндетті облыстық мешіттің іс-басқарушысы Мұхаммеджан Естеміров уақытша атқарады.

Бұл туралы қала имамдарымен өткен жиналыста жарияланды. Бұдан бөлек күн тәртібінде шаруашылық, тазалық, имамдардың тұлғалық келбет, білім жетілдіру және біліктілікті арттыру, мешіт құжаттарын рәсімдеу, діни сауат ашу курстары, уағыз-насихат, тәртіп мәселесі қаралды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов әріптестерін ауызбіршілікпен әрі ыждаһаттылықпен дінге қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, ҚМДБ 7 бағытын жандандыру, ЖАНТ жұмысын қолға алу тапсырылды.

Түркістаноблыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу