Жаңалықтар Жергілікті

УӘДЕСІН ОРЫНДАДЫ

Арыс қаласында жазда болған жарылыстан эпицентрде тұрған “Әлтайқызы Құралай” мешіті құлап қалмаса да, едәуір зақым келген еді. Ол сектор Атырау облысының әкімдігінің қарауына берілген болатын.

Мешіт екі айдай 1-ші сектордың штабы қызметін атқарды. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді арнайы барғанда, атыраулық атқамінерлер Алланың үйін өздері жөндеп беруге уәде еткен-ді.

Арыстағы тұрғын үй құрылыстары біткен бойда, мешіт ісіне кірісті. Іші-сыртын күрделі жөндеуден өткізіп берді.

Жаңаша күйге енген Алланың үйі тамаша көз тартарлық боп қалды. Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді Арысқа сапармен барып, мешітті зиярат етті.

Хақ Тағала уәдені орындаушыларды жақсы көреді. Рахманның разылығы үшін ниет етіп атқарған жандар екі дүниеде де жақсылыққа жетеді.

Алла Тағала атыраулық атымтайларға разы болсын, берекесін Берсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу