Жаңалықтар Жергілікті

ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСЫП…

Сауран ауданының еншісіне отыздан аса мешіт берілген. Аудан имамы ауылдарды аралауға кірісті.

Талғат Сейдәлиев алдымен Қосмезгіл елді-мекеніндегі “Байғозы батыр” мешітінің тынысымен танысты. Мұнда дәретхана құрылысы аяқталып, тек көмір түсірілсе қысқа дайын екеніне көз жеткізді.

Аша ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өткізілмекші. Темір жолдың тұсында орналасқандықтан қабырғасы жарылып кеткен.

Талғат Сейдәлиев ауыл имамдарына бірқатар тапсырма берді. Ауданның қатарға қосылып, көштен қалмауы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.


Сауран аудандық орталық мешіті

Пікір жазу