Жаңалықтар Жергілікті

ТЫНЫШ ЖҮРЕЙІК!

Түркістан қаласы ұстаздарының әдебі мен тәртібі осымен төртінші рет қаралып жатыр. Білімнен әдептің маңыздылығы тағы да айтылды.

Жаңадан келген жас мамандарды жылы қарсы алып, ұстаздар ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрысымен жұртқа үлгі болу керек. “Яссы”, “Нақып Алтый” мешітінің ұстаздарына орнында бардың оңалатыны ерекше ескертілді.

Кей ұстаздар арасында жетекшілерді мойындамау, жас кадрларды ығыстыру, өз арасында дау тудыру сықылды түрлі құйтырқылықтар тиылмай тұр. Жалпы жұмысқа кесірін тигізетіндерге басшылықтың болыспайтыны ескертілді.

Жиын барысында басшыға бағыну, дінге Рахманның разылығы үшін қызмет ету жайы сөз болды. Түркістан қаласының мешіттеріне медресе-колледж бітірген түлектердің алғашқы легі ұстаздыққа қабылданып жатқаны хабарланды.

Қала ұстаздарына облыстық қыз-келіншектер бөлімінің жаңа жетекшісі таныстырылды. Бұл қызметке Гүлжан Дүйсенова тағайындалды.

Күн тәртібінде ҚМДБ тапсырмаларын мүлтіксіз орындау, айлық есепті уақытылы тапсыру, онлайн уағыз айту мен дәріс жүргізу мәселелері қаралды. Жаңа жетекші ескі әріптестерін ауызбіршілікте қызмет етуге шақырды.

Түркістан қаласында 10 ұстаз Мүфтияттың бұйрығымен жұмыс істеп жүр. Өз бетінше ұстаздық еткендерге тексеру жүргізіліп жатыр.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу