-1.6 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Зекет қоры өкілдігінің жиыны

Түркістан облыстық мешітінде “Зекет қоры” өкілдігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған аудандық филиалдар қатысты.

ҚМДБ “Зекет” корпоративті қорының ұйымдастыруымен “Ел үлесі – пəтерге” жобасы жүзеге асырылуда. Ал, облыстық деңгейде “Баспанаға жол” қайырымдылық шарасын өткізу қолға алынды.

Сондай-ақ, “Жылы жүрек – жомарт қол” жобасының аясында тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіледі. Бұл қайырымдылықтың бəрі де жамағат пен халықтың жомарттығымен жүзеге асады.

Аудандық өкілдік жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктелді. Облыс бойынша атқарыларын жұмыс жоспары мақұлданды.

Қазіргі кезде қайыршылықты кәсіп қылып, қайырымдылықты алаяқтықпен пайдаланатындар бар. Бұдан былай көмек сұрап келген отбасылардың әлеуметтік жағдайы тексеріледі. Ол үшін арнайы комиссия құрылады. Өйткені, халықтың садақасы мен зекеті шариғат бойынша шын мұқтаж деп танылған жандарға берілуі тиіс деді, имамдар.

Зекет – парыз, бермесе – қарыз боп тұратын амал. Шамасы жеткен адам шариғат шеңберінде тапқан табысының Алла жолына тиесілі үлесін беруге міндетті. Құранда зекет беру турасында аяттар бар. Демек бұны Алланың əмірі деп түсінген жөн.

 

 

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шәкірттерді қызметке шақырды

Yassi.kz

Түркістан облысында аттестаттау басталды

Yassi.kz

Зекетін бөліп берді…

Yassi.kz

Пікір қалдыру