11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Облыс имамдарының кеңейтілген алқа мәжілісі

Түркістан облысында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мен діни кадрлар даярлау қолға алынды. Бұл мәселені Шымкент пен Сарыағаш медресе-колледждерінің түлектері арқылы шешу көзделген. Өйткені ол оқу орындарында облыс əкімінің грантын иеленген студенттер бар.

Сондай-ақ, мешіттердің құжаттарын рəсімдеу, имам-молдалармен қамтамасыз ету басты міндет болып тұр. Халықпен тығыз байланыста болу, жомарт жандарды жақсылыққа шақыруға басымдық берілген.

Бүгін Түркістан облыстық мешітте аудан-қала өкілдіктерінің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Күн тəртібінде бірқатар маңызды мəселелер талқыланды.

Сондай-ақ, бүгін облыс имамдары өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болды. Халықты ізгілікке шақыруда маңызды рөлі бар имамдарымен салиқалы сұхбат өтті.

Алдағы аттестаттауға дайындық барысы да пысықталды. Облыстың дін қызметкерлері үшке бөлініп үш күн бойы сынақ тапсыратын болады.

Алдағы уақытта имамдар үш ай сайын бас қосып, атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылап тұрады. Қазір өкіл имамның бастамасымен аудандарда тəжірибе алмасу жүргізіле бастады.

Жиында “Зекет қорының” облыстағы өкілі, Өкілдіктің хатшысы, Сайрам ауданының жаңа бас имамы, Жастар ісі бөлімінің жаңа жетекшісі, Қазығұрт ауданының бас имамы көпшілікке таныстырылды.

 

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру