29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Елдің жақсы болмағы – жастарынан!

Облыстық және аудандық мешіттердің жанындағы “Жастар ісі” бөлімінің жетекшілері Түркістанда бас қосты. Баяғы бабаларымызша жерге жайғасып, келелі кеңес өткізді. Олар “Жастар жылы” атқаратын жұмыстарын ортаға салып талқылады.

Биыл облыс бойынша “Анаға хат” жобасы жүзеге асырылады. Мақсат – ата-ананың қадірін арттыру, ұл мен қызды перзенттік парызды орындауға шақыру. Өйткені қоғамда өз əке-шешесін өзектен тебетін өзімшіл балалар да бар. Аялап өсірген ата-анасын қарттар үйіне тапсырып, қазынасының қадіріне жете алмай жүргендер де жетерлік. Бұл жобаның ауқымы кең, мағынасы зор.

“Жастар ісі” бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі əдеби, мəдени, қайырымдылық шаралары өткізіліп келеді. Бұл жұмыстар жалғаса береді.

Облыстық өкілдіктің “Жастар ісі” бөліміне жаңа жетекші тағайындалды. Қайрат Дəрібаев Ордабасы аудандық орталық мешітіндегі қызметін сақтай отырып, облыстық бөлімге жетекшілік ететін болады.

Жастар қоғамның қозғаушы күші. Елдің жақсы болмағы – жастарынан. Ұлт зиялылары жастарға сенетіндерін текке өсиет етпеген.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру