11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Бала тәрбиесі – басты мәселе

Бала тәрбиесі – басты мәселеге айналды. Қоғамда орын алып жатқан келеңсіздердің арасынан оқушылардың төбе көрсетіп жүргені қиын-ақ. Бала ел болашағы болғандықтан, бұл жағдайға бейжай қарауға келмей қалды.

Қазір имамдармен мектеп оқушыларының сұхбаттары оң нәтиже беріп жатыр. Бұл насихатқа сұраныстың барын дәлелдеді. Дәстүрлі дініміз – өнегелі тәрбиенің үлгісін ұсынады.

Түркістан қаласындағы М.Мәметова мектебінде зұлымдық пен зорлықтың түбі қорлық екені айтылды. «Ықылас» мешітінің имамы Нұрлан Тәжібаев оқушыларға озбырлық адамды орға жығатын жаман қылық, қиянаттың ақыры өзіне ғана зиян шектіретінін ескертті.

Сондай-ақ, ата-ананың ризашылығын алған перзенттің  жолы болатынын, ал ұстазын құрметтегеннің өмірі оңатынын шариғат тұрғысынан айтып берді. Сұхбат соңында балалардың сауалдарына жауап берді.

Жиынға қатысқан ата-аналар өздерінің жауапкерліктерін мойындап, имани тәрбиенің маңыздылығын түсінді.

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру