11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Ат жалын тартып, желмен жарыса жетілген қазақ ек…

Мінсең – көлік, жесең – ет, ішсең – сусын. Қазақтың тұлпарды текті төлге теңеуі тегін емес. Расында төрт түлік малдың ішіндегі ең адалы əрі тазасы жəне ақылдысы.

Жылқы қазақтың қанаты болғаны рас. Ал, қазір арғымақ тек ойынға, байталы соғымға сойылатын ғана малға айналды. Аттың орнын темір арба басқалы ауылдан былайғы жұрт үшін жылқы тек қазанға асылатын ет ретінде ғана бағалы боп қалды.

Əлемнің ең үздік ғалымдары жұмылып адамзат өміріне жылқының ену тарихы зерттеліп жатыр. Осы уақытқа шейін дайын болған дүние трилогияға топтастырылып, жинақ боп жарыққа шығарыла береді.

Жуырда адам мен жылқы қатынасының тарихатын дәлелдейтін “EQUUS” атты кино-трилогия ел назарына ұсынылады. Бұл деректі фильм əлемнің 50 елінде көрсетіледі.

Бүгін Түркістан облыстық мешітіне генетика ғылымын зерттеумен айналысып, адамзаттың, одан қалса ұлтымыздың ата тегін дəлелдеуге ден қойған, жобаның сопродюссері Нұрбол Баймұқанов келді. Мешіт ұжымымен жүздесіп генетика ғылымындағы жаңалықтарды айтып, келешек жоспарларымен ой бөлісті.

Ғалым жылқы мінезді қазақтың тектілігі турасында айтты. Болмысымызға біткен текті қасиетті ояту керектігіне тоқталды.

Нұрбол Баймұқанов дүниежүзіне саяхаттауды жоспарлап отыр. Сапарын қасиетті Түркістан топырағынан бастамақшы.

    Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру