Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: АРЫСҚА ТАСЫДЫ (ЕСЕП)

Апат кезінде Түркістанға бет алған арыстықтар алдымен мешітке келген. Қала имамдарының ұйытқы болып, жамағатпен біргелікте
7 автобус, 20 старикс көліктерімен арыстықтарды да, үш камазбен Арысқа азық та тасыды.

ХҚТУ жатақханасы, С.Ерубаев мектеп-интернаты мен облыстық арнайы мектепке екі жүзге жуық адам қоныстандырылған-ды. Оның алпыстан астамының ас-суы имамдар мен жамағаттың жабдықтауына берілді. Өз міндеттерінің үдесінен шыға білді.

Қап-қаппен: картоп, пияз, сәбіз, ұн, күріш, қант, қарақұмық, макарон өнімдері, сондай-ақ, шәй, нан, тұз, сабын, кір жуатын ұнтақ және т.б үлестірілді. Бұдан бөлек, үш мезгіл ас берілді.

Құны 5 800 теңгелік қаппен – 100; 8 040 теңгелік қаппен – 100; 6 800 теңгелік қаппен – 110 отбасыға азық-түлік таратылды. Мешіт имамдары мен жамағат тарапынан жалпы сомасы 2 миллион 72 мың 500 теңгеге арыстықтарға көмек көрсетілді.

Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков жомарттық танытқан азаматтарға алғыс айтады. Баршасына Рахманның нұры жаусын!

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу