Жаңалықтар Жергілікті

ТЕМПЕРАТУРАСЫНА ШЕЙІН ТЕКСЕРІП КІРГІЗДІ

Бүгін бір қызық әрі керемет күн болды. Мешітке емін-еркін келіп-кетіп жүрген жамағаттарға жаңа талаптарды сарбаздарша жауапкершілікпен орындап келіпті.

Мешіттерде санитарлық сақтық шаралары түгел жүргізілді. Дайындық жүргізген имамдарға ризашылығымызды білдіреміз.

Кентау қалалық орталық мешітіне келген жамағаттардың температурасына шейін тексеріліп кіргізілді. Дене қызуы қалыпты жағдайда болды.

Кентау қаласына қарасты барлық мешіттерде де сақтық шаралары сақталды. Намаз 15 минутта аяқталды.

Қатарға талапқа сай тұрғызылды. Медициналық маска таратылды.

Жамағаттарға ережелер көзбе-көз түсіндірілді. Алла Тағала құлшылықтарды қабыл Етсін, бүгінгі сыйын ұзағынан Сүйіндірсін!

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу