29.7 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Тектілікке де тәжірибе керек

Қазіргі телефонға телмірткен тәрбие тетігі дұрыс емес. Баланы тәртіпке салатын ата-ана перзентінің болашағына бұлайша бейжай қарамауы тиіс.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округіндегі М.П.Окороков мектебінде “Отбасы және отбасы құндылықтары”, “Дін және жастар” жөнінде кездесулер өтті. Ата-аналар мен балаларға қатысқан жиында ЖАНТ мүшесі Ералы Олжабаев насихат айтты.

Туған перзентін тектілікке тәрбиелейтін тәжірибе керек, көптеген ата-аналарға. Б.Омаров атындағы мектепте ер балаларға арналған “Текті бабалар ұрпағымыз”, “Барында бағала” тақырыбында сұхбат өтті. ЖАНТ мүшесі Бақыт Абдувахобов ұлдарды өсер елдің баласындай, бірін-бірі батырым деп құрметтеуге, әлімжеттік пен әдепсіздіктен абай болуға шақырды.


Ал, білім алудың артықшылығын “Жорахан” мешітінің имамы Амангелді Дүйсебаев насихаттады. Кім білім жолына түссе, соған періштелер қанатын жайып тұрады. Қазақтың “қанатың талмасын” деген тілегі ғылым қуған ұрпаққа қаратып айтқаны. Білімнің басы – ілім іздену болса, игіліктісі екенін атап өтті.

Әлеуметтік зерттеулер сүйенсек, көбіне жасөспірімдер ішімдіктің дәмін татып, темекіні де тартып көреді екен. Біреулері бірден бас тартса, біреулері бастағанын тастай алмай қалады. Ақжар ауылының жастарына мешіт имамы Бақыт Сазанов жаманнан жирену пайдасын, өз-өзіне қол жұмсаудың зиянын айтты.

Мектептерде өткен кездесулердің бәрінде оқушылар мен ата-аналарға өз өмірлері мен қоғамның бір мүшесі ретінде әрбір әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау міндеті насихатталды. Жаз маусымын тиімді пайдалануға кеңес берілді.

Осымен мектептерге жоспарланған ЖАНТ жұмысы кесте сай аяқталды.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЖАНТ: Бесеуін білсеңіз болды…

Yassi.kz

Сіз алған заттың ақшасы…

Yassi.kz

Үйлі-жайлы болды

Yassi.kz

Пікір қалдыру