Жаңалықтар Жергілікті

ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

Мешіттердің тазалығын сақтау мен садақа түсімінің ашықтығын қалыптастыру басты міндеттің бірі. Өздері Алланың ақысын бермесе де, мінәжат үйінің жәшіктерін аңдыған жандар жетерлік.

Қазіргі кезде мешіттердің құжаттарын заңдастыру науқаны жүріп жатыр. Рахманның разылығы үшін салған соң, қайырын бүтін қылған абзал.

Салуын салып алып, құжатын қалтасына салып алып, мешітті Мүфтияттың қарамағына беруге қимай жүріп алатын азаматтар тағы бар. Соның салдарынан кей имамдар соққыға жығылып та жатыр.

Кемшіліктерді түзету мақсатында облыстық өкілдіктен құралған комиссия аудан аралап жүр. Кезекті тексеру Қазығұрт аудандық мешіттерінде жүргізілді.

Айтарлықтай олқылық орын алмаса да, бірқатар кем-кетікті түзету тапсырылды. Ашықтықты қамтамасыз ету қатаң ескертілді.

Қазығұрт аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу