Жаңалықтар Жергілікті

ТАЛАПҚА САЙ ҰСТАЗДАР КЕРЕК

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің жанынан діни сауат ашу курсына арналған ғимарат салынып жатыр. Жоспарлы кезеңде аяқталса, шәкірт оқыту басталады.

Жалпы ауылдық мешіттерде де қыз-келіншектерге дәріс беретін ұстаздар қажеттілігі туындауда. Бұл кадрлық резервті оңтайландыру мақсатында ҚМДБ тарапынан бастау алған жұмыстар.

Тек ұстаздықты емес, қыз-келіншектер ісін жүйелі жүргізе білетін, әдеп, мәдениет, әдебиет, өркениетті меңгерген зияткер мамандар уақыт талабы болып тұр. Әл-әзірге әуылдық мешіттерде қызмет етіп жүрген 5 ұстазға құрмет көрсетілді.

Ұстаз ханымдарға ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебек өз қолымен алғыс хат табыстады. Адал еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Алдағы уақытта қыз-келіншектердің Рахманның разылығын алатын аяулы жар, ардақты ана болуларына күш салуға шақырды. Дін қызметінің хикметі – қауымын имандылыққа шақыруда екенін еске салды.

Ұстаз ханымдарға Алла Тағала разы болсын!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу