Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ТАЙҚАЗАННАН ТАҒЫ ДА…

“Тайқазан” марафоны өткен күннен кешігіп қалған азаматтар атағандарын беріп жатыр. Оқырмандарға қайырымдылықтың жыл он екі ай жалғаса беретінін хабарлаймыз.

Өйткені, біз сіздің сауаптан құр алақан қалмағаныңызды қалаймыз. Мешіт тізімінде тұрса да жетпей қалғандарға жеткізіп жатқан жандарға алғыстан басқа не айтамыз!?

Кентау қалалық орталық мешітінде тайқазаннан тағы да тарту-таралғы таратылды. Бүгін 70 қорап нәзір мұқтаждарға жеткізілді.

Қайырымдылыққа 700 мың теңге жұмсалды. Игі істің басы-қасында қала имамы Ғалымжан Айекеевтің өзі бастап жүрді.

Зекет жетекшісі Дастан Құрбанқұловтың айтуынша қалаға қарасты мешіттерде акция әлі де жалғасып жатыр. Хақ Тағала жақсылықта жарысқан жандарға жақсылықтарын Жазсын!

Кентау қалалық орталық мешіті

Пікір жазу