Жаңалықтар Жергілікті

ТАҒЫ БІРІ ӨТТІ (ФОТО)

Құран – Хақтың нақ сөзі, мұсылмандарға берілген баға жетпес байлық, шексіз нығмет. Құранның қадірін Құранға жақын жандар біледі.

“Марқұмдар неге зәру?” десеңіз, “Құранға зәру” дейміз. Бұл турасында сахих хадистер баршылық.

Ал, ата-ананың өзі өтсе де, ізі өшпейтін сауаптың бірі соңында Құран бағыштайтын ұрпақтың қалғаны. Әйтпегенде, Абай хакім айтқандай Құран бағыштамайтын перзенттен қайран жоқ.

Алдымен Рахманның разылығы, сосын ата-ананың ризашылығы үшін Жетісайда да жеке адамның демеушілігімен Құран өтті. Сәкен Кеңесбекұлы жарыстардың үлкенін өткізуге былтыр ниет еткен екен…

Бүгінгі жарыста 6-14 жас аралығында 65 үміткер бақ сынады. Келешек қарилардың бабын ілкі буын қарилар байқады.

Қазылар алқасының құрамында Ербол Құдабаев (Өскемен), Нұрмұхаммед Бижанов (Сарыағаш), Абдулхафиз Хадыршиев (Жетісай) болды. Қазылардың әділ шешімімен бәрі келісті.

30-пара бойынша:

І-орын – Мұстафа Құдабай “Халифа Алтай” мешіті;

ІІ-орын – Билал Тухтаев “Нұғман” мешіті;

ІІІ-орын – Фазылжан Абдуллаев “Нұғман” мешіті;

IV-орын – Нұрислам Едгоров “Нұғман” мешіті

 

Жарты пара бойынша:

І-орын – Ибраһим Шаймуратов “Халифа Алтай” мешіті;

ІІ-орын – Серік Нышанғали “Шүйішбай баба” мешіті;

ІІІ-орын – Ерсұлтан Жақсылық “Нұғман” мешіті;

ІV-орын – Иманғали Құдайберген “Нұғман” мешіті

 

10 сүреден:

І-орын – Алиакбар Усманов “Әл-Малик” мешіті;

ІІ-орын – Ердәулет Қуантай “Әл-Малик” мешіті;

ІІІ-орын – Әли Пернебек “Әл-Малик” мешіті;

ІV-орын – Ерасыл Дәурен “Нұғман” мешітінің шәкірттері жеңіске жетті. Жеңімпаздарға сыйақы, қатысушылардың бәріне ынталандыру сыйлықтары берілді.

Аудандық мешіттің өзінен 20 шәкірт сынға түсті. Ұстаз Умид Тухтаевтың жетекшілігімен 130 бала оқиды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов Құран жарыстарын өткізу мен қари болудың маңыздылығын атап өтті. Аудан имамы Жорабай Дулатбаев демеушілерге ризашылығын білдірді.

Бас демеушінің ата-анасы Кеңесбек Асанұлы мен Бибігүл Төлегенқызының рухына Құран қатым етілді. Алла Тағала қабыл Етсін, разы Болсын, жәннаттық Қылсын!

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу