Жаңалықтар Жергілікті

ТАҚУАЛЫҚ ТУРАСЫНДА

Ихсан – тақуалыққа тартатын ілім. Тақуалық – аз сөйлеу, сақтау, қорғау, әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу дегенді білдіреді.

Алла Тағала қасиетті Құранда тақуалықты ұстануға бұйырған. Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у адамнан адамның айырмашылығы тақуалығында екенін айтқан.

Хадистерде «Сырт көзге жақсы болып көрінгенімен, бірақ іші күмәнді болған нәрседен сақтанбайынша, пенде тақуалар қатарына қосыла алмайды», – делінген. Құранда қандай да бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла Тағала өзгертпейтіні ескертілген.

Қазығұртта ауыл имамдарымен тақуалық тақырыбында семинар өтті. Аудан имамы Мұрат Әлімбеков әріптестеріне “Ихсан” ілімін түсіндіріп берді.

Қазығұрт аудандық орталық мешіті

Пікір жазу