Жаңалықтар Жергілікті

ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Құрбан айт қуанатын және қуантатын уақыт. Сыйлық беру – сүннет.

Имамдардың ұйымдастыруымен айттық сыйлықтар таратылуда. “Мәуліт” мешітінде де қайырымдылық шарасы өтті.

Бір демеушінің көмегімен 300 мың теңгеге өгіз сойып, 25 отбасыға 180 мың теңгелік азық-түлік пен тәттілер үлестірілді. Айттық сияпатты мешіт имамы иелеріне жеткізіп берді.

Алла Тағала құрбандық пен қайырымдылықты қабыл Етсін!

Төлеби аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу