Жаңалықтар Жергілікті

ТҰСАУЫН КЕСПЕГЕН…

Бүгінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып айнып барады. Жаңашылдық енген сайын сорақы көріне бастады.

Қазақ қыз баласының тұсауын кескен емес. Ал, қазір ұл мен қыз деп бөлмей, жаппай тұсау кесе беретін болып кеткен.

Қыздардың тұсауын кескен сайын, қыдырымпаздарының қарасы артуда. Жаман ырымға бастап, шашын жайғандары қаншама?

Қазақтың қыздары бұрым өріп жүрген. Тек қара жамылып жесір қалғанда, шашын жайып белгі берген.

Онда да 40 күннен кейін, кимешек киіп алған. Ал, қазір жесір мен жетім көп, оған шаш жайып жүрудің кесірі тиіп жатыр.

Айта берсек, не ұлтқа, не шариғатқа сай келмейтін, жөн-жоралғы азаймай тұр. Шариғат талаптарына қайшы келмесе, салт-дәстүр ұстану әбестік емес.

Тек қазір барлығын біріздендірілендіру кезегін күтеді. Бұл іске имамдар бірінші болып кірісті.

Жетісайда салт-дәстүр сабақтастығына арналған тәжірибелік семинар өтті. “Нұғман” мешітінің әжелер алқасы дәстүрдің озығы мен тозығын дәріптеді.

Іс-шараға қатысқан аудан имамы Жорабай Дулатбаев пен Ихсан іліміне жауапты Абдурахман Нурматов оң бағасын берді. Дін мен дәстүрдің егіз ұғым екені айтылды.

Жетісай аудандық орталық мешіті

 

Пікір жазу