Жаңалықтар Жергілікті

ТӘРТІП ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ…

Білімнен – әдеп маңызды. Әдебі жоқ адам жүз жерден білімді болса да, жұртқа жақпайды.

Шариғат – ахлақ мәселесін алға тартады. Бүгінде көптеген дін қызметкерлерінің этикасына қатысты аз сын айтылып жүрген жоқ.

Әдептілік, мәдениеттілік, парасаттылық, салиқалылық, сөйлеу мәнері, мұның бәрі бір-бір тәрбие тетігі. Сананың өзі ұзын тараулы ғылым.

Әртүрлі деңгейдегі адамдардың тілін тауып сөйлеу де бір өнер. Аудиторияны игеру үшін сөз сиқырын меңгеріп алу керек.

Бұл насихатшы ұстаздарға қойылатын талаптар. Бүгін Түркістандағы ұстаздармен бірқатар мәселелер қаралды.

Қаланың барлық мешіттерінде қыз-келіншектерге арналған діни сауат ашу курстарына сұраныс бары анықталды. Бұл бойынша мониторинг жүргізілген болатын.

Білімді ұстаз ханымдарды дінге қызмет етуге шақырамыз. Әл-әзірге қолда бар ұстаздар ауыспалы тәртіппен түзілген кестеге сай әр мешіттерде дәрістер бастайды.

Ұстаздарға облыстық мешіттің баспасөз хатшысы қызметтік этика, сөйлеу мәдениеті жөнінде айтты. Сөз шеберлігінен дәрістер өткізілетіні хабарланды.

Қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков ұстаздардың ұсыныстарын тыңдады. Қыз-келіншектерді имандылық шақырудағы жұмыстарына сәттілік тілеп, басшыға бағынудың шариғат талабы екенін ескертті.

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу