Жаңалықтар Жергілікті

ТӨРТЕУДІҢ ҮШЕУІМЕН…

Алла Тағала қасиетті Құранда ер мен әйелге білім алуға бұйырған. Білімнің бастысы – діни ілім.

Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у бесеудің бесінші, төртеудің бірі болуды, бірақ бесіншісі болмауды өсиет еткен. Біріншісі – білімді ұстаз, екіншісі – шәкірт, үшіншісі – тыңдаушы болу, ал, төртіншісі – осыларды жақсы көру әрі амалдарды орындаушы болу.

Бесіншіден аталған төртеудің ешқайсысы да болмау. Осыдан сақтану керек.

Дін насихатшылары мен ұстаздардан ілім үйрену, мешіт немесе медреселерден білім алу – Хақтың әмірі. Діннен толық хабардар болмай тұрып, ділмарлануға болмайды.

Ең дауасы – діни білімді ілім иелерінен үйрену. Өйткені Алла Тағала қасиетті Құранда білімділер мен білімсіздердің тең еместігін Ескерткен.

“Әйел әдемі әдебімен” жобасы қыз-келіншектер қауымы арасында рухани тәрбиені жаңғыртуға бағытталған. Сұхбат барысында отбасы құндылықтары, дін мен дәстүр, ерін сыйлау, әке-шеше, ата-ене, ағайын-туыс, көрші-көлем, дос-жаран, ұл-қызбен мәміле, жалпы мұсылмандық міндеттер мен қайырлы амалдар дәріптеледі.

Сайрам ауданы бойынша Қарабұлақ, Құтарыс, Манкент ауылдарындағы төрт мешітте кездесу өтті. Көпшілік рухани сұхбаттың жалғасты болуын сұрап, ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.


Сайрам аудандық орталық мешіті

Пікір жазу