Жаңалықтар Жергілікті

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУ КЕРЕК

Рухани астананың діни ахуалын оңалту кезек күттірмейтін мәселе. Сынақ мерзімінде жүрген Түркістан қаласының имамдарының тындыратын шаруасы шаш етектен асады.

Жыл басынан бері кеткен кемшіліктерді түзеу керек. Халал даму, зекет, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бойынша оқ бойы озық тұрғанымен, ЖАНТ пен АТК ақсап тұр.

Қала мешіттерін уақытша басқарып отырған Нұрлан Тәжібаевқа жастар ісі, зекет, есеп-қисап, ЖАНТ, мешіттердің құжаттарын заңдастыру, жалпы барлық істі реттеу тапсырылды. Өкілдіктің бөлім басшылары олқылықтардың орнын толтырудың жолдарын айтты.

Түркістан облыстың орталығы болғандықтан имамдары мен мешіттері сол мәртебеге сай болуы керек. Қалалық мешітке кеңсе жұмыстарымен айналысатын маман, бухгалтериясы бөлек есепші болуы қажет.

Медресе-колледж немесе “Нұр-Мүбәрак” университет бітірген түлектерді тарту жайы тағы да қозғалды. Қалада имамдар мен ұстаздарға сұраныс бар.

Нұрлан Тәжібаев қателіктердің реттелетінін айтты. Облыс имамы сынақ мерзімінен сәтті шығуларына тілектестік білдірді.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу