Жаңалықтар Жергілікті

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАТЫН МЕШІТТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Мешіттер жаппай бес уақыт намазға ашылғанымен, бәрінде бірдей Жұма намазы оқылмайды. Жұма намазы облыс, қала, аудан және ауылдық округтердегі ірі мешіттерде ғана оқылады.

Ертеңнен бастап Түркістан облыстық “Қожа Ахмет Яссауи” мешітінде бес уақыт намаз бен Жұма оқылады. Бұл туралы облыс имамы Мұсабек Ақтамберді баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков Түркістанда Жұма оқылатын және оқылмайтын мешіттердің тізімін жариялады. Жұма намазын оқу төмендегі мешіттерге ғана рұқсат етілді.

1. “Ықылас” мешіті;
2. “Бекзат” мешіті;
3. “Құддыс” мешіті;
4. “Ақмешіт” мешіті;
5. “Нақып Алтый” мешіті;
6. “Игілік” мешіті;
7. “Тұяқбай” мешіті;
8. “Асанбай ата” мешіті;
9. “Яссы” мешіті;
10. “Мағзаман” мешіті;
11. “Әл-Кәусар” мешіті;
12. “Жұма” мешіті;
13. “Құлатай” мешіті;
14. “Алпамыс” мешіті;
15. “Хазіреті Әбубәкір” мешіті;
16. “Н.Төреқұлов” мешіті;
17. “Қосана” мешіті.

Қалада жалпы 32 мешіт бар. Олардың бәрінде бес уақыт намаз оқылатын болады.

Жұма намазы жоғарыда аталған мешіттерде ғана оқылады. Имамдар талаптардың сақталуын қадағалаулары тиіс.

Ал, жамағаттарға мешіттерге үйден дәрет алып келу, маска тағу, қолғап кию талаптары қойылып отыр. Барлық мешіттерде санитарлық дәрігерлердің ескертпелері ескерілуі тиіс.

Облыс әкімдігі мен жамағаттарға ризашылығымызды білдіреміз. Алла Тағала карантиннің ақырын қайырлы Етсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу