Жаңалықтар Жергілікті

ТҰРАҚТЫ ТАПСЫРМА…

“Әйел әдемі әдебімен” жобасын барлық аудан-қала, ауылдық округтерде тұрақты өткізу облыс имамы Еркебұлан Қарақұловтың тапсырмасы. Міндеттеме аудан имамдарына жүктелген.

Ондағы мақсат қыз-келіншектер арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Бұл бұқарамен байланыс орнату үшін рухани бастама.

Игі іс әйелдер қауымынан кеңінен қолдау тауып жатыр. Нәтижесінде ай сайын өтетін тұрақты сұхбатқа айналып келеді.

Кезекті кездесу Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өтті. Тақырып әйелдердің отбасындағы міндеттері, сауапты амалдар төңірегінде өрбіді.

Облыстық өкілдіктің баспасөз хатшысы әйел жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу