Жаңалықтар Жергілікті

ТҰРАҚТЫ ДӘРІС НӘТИЖЕЛІ

Бейнеттің зейнетін көру үшін мақсатты жұмыс істеу керек. Ұстаздың ұтқаны – шәкірттің көп болғаны.

Облыстың Бас имамы Мұсабек Ақтамберді Құран әліппесін оқытумен қатар мұсылмандық міндеттер мен ұлттық тәрбиені қоса үйрету керектігін айтады. Бұл иманды әрі тақуа ұрпақ өрбітуге сеп болады.

Сарыағаш ауданында діни сауат ашу курстары тұрақты жұмыс істеп тұр. Ұстазы бар мешіттерге дәріске шақырамыз.

“Ақжол” мешітінде күнделікті сабақтың нәтижесінде алғашқы қарилар даяр боп жатыр. Азамат Насыров ұстаздың дәрістеріне келіңіздер.

Балаңызға Құран үйретуге ата-анасы ықпал етуі тиіс. Мешітке өзіңізбен бірге ертіп келсеңіз екі дүниеңіз үшін игілікті болады.

 

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу