Жаңалықтар Жергілікті

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАТЫН МЕШІТТЕР

Түлкібас аудандық орталық мешітінде жұма намазы сыртта оқылатын болды. Күн ыстық, аула жасыл-желекті болғандықтан салқын самал соғып тұрады.

Намаз оқитын орындар тазаланып, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Жамағаттарға карантин режимінің ережелері ескертілді.

Аудан бойынша мына мешіттерде жұма намазы оқылады, бүгін.

Аудандық “Түлкібас ата” мешіті;

“Хазіреті Осман” мешіті;

“Алшынбек ата” мешіті;

“Жаскешу” мешіті;

“Майтөбе” мешіті;

“Жабағылы” мешіті;

“Кемербастау” мешіті;

“Сайлаубай ата” мешіті;

“Имам Ағзам” мешіті;

“Итадат апа” мешіті;

“Састөбе” мешіті;

“Нұрлы” мешіті;

“Мәмбет ата” мешіті;

Қатарлы ауылдық округтік мешіті.

Жамағаттарды тәртіп сақтауға шақырамыз. Сонда мешіттер жабылуға жіберілмейді.

Жаратқан Жаббар Иеміз Жұманың жақсылықтарымен Жарылқасын! Амалдарыңыз қабыл болсын!

Түлкібас аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу