25.2 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Тəйəммум деген қандай дәрет? 

Намаз оқитын адам сапарда болса да, әйтеуір суы жоқ жерде болса, су таппай қалса, шаң-топырақпен дәрет алуына болады. Дәреттің мұндай түрін “тәйәммум” деп атайды. Оны қалай алады?

Алдымен жүнiптiктен немесе дəретсiздiктен тазалану үшiн ниет етiледi. Тəйəммуммен намаз оқу үшiн тек қана тəйəммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тилəует сəждесiн орындауға немесе дəрет, ғұсыл үшiн тəйəммум алуға ниет ету керек. Тəйəммумға ниет етерде дəрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек. Жүнiптiктен тазалану ниетiмен алынған тəйəммуммен намаз оқуға болмайды. Дəрет үшiн тағы бiр рет тəйəммум алу керек.

Екi жеңін шынтағынан асыра қайырып, екi алақанын таза топыраққа, тасқа немесе ақталған қабырғаға сүру керек. Сосын кемінде үш саусағы тиетіндей етіп, екi алақанымен бетiне бiр рет мəсіх тартады. Қолы бетiнің инедей жеріне тимей қалса, тəйəммум болып есептелмейді.

Бетiне толық мəсіх тарту үшiн, алақандарын ашып, төрт саусағын біріктіріп, екі қолдың саусақтарының ұштарын бiр-бiрiне тигiзiп, маңдайдың үстінен жаққа қарай сипап түсiредi.

Екi алақанын тағы да топыраққа сүріп, бiр-бiрiне соғып, топырағын сiлкiп түсiрген соң, алдымен сол қолының төрт саусағының iшiмен оң қолының үстiңгi жағын саусақтардан бастап шынтаққа дейiн сипау керек. Сосын қолының астыңғы жағын шынтақтан саусақтарға қарай сипау керек. Сол қолын да дəл осылай iстеу керек. Сақинасын айналдыру керек. Қолда топырақтың шаңы қалу шарт емес. Дəрет жəне ғұсыл үшiн тəйəммум бiрдей алынады.

Арыс қалалық орталық мешітінде өтетін Ақида жəне фикһ дəрісі бүгін тəйəммум алуға тəртібіне арналды. Бас имам Абдулкамал Абдулкарим жамағаттың барлық сұрақтарына жауап берді.

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Тектілікке де тәжірибе керек

Yassi.kz

Пікір қалдыру