Жаңалықтар Жергілікті

ҚҰСТАЙ ҰШАДЫ…

Алла Тағаланың адамзатқа бұйырған бес парыздан кейінгі амалдарының арасында ең ұнамдысы – садақа. Садақаның түрі көп, ал, нәзір садақаның жөні бөлек.

Нәзір садақасы – бір нәрсеге ниет еткенде атап беретін садақа түрі. Ниет етіп қойғандықтан атқарылуы міндет болады.

Есесіне қайыры мол сауапты амал. Нәзірге мал атап, құрбан шалу құптарлық.

Рахманның разылығы үшін шалынса, ол адам құстай ұшады. Яки Алла Тағала қабыл етсе жеңілдігін, шипасын, берекесін, жалпы кім неге мұқтаж болып жүрсе соны Береді.

Тұмаудың мына түрінен құтылып, сауығу үшін Алла Тағаладан амандық тілеп, нәзір құрбандық шалу жалғасып жатыр. Әлеуметтік желіде арнайы атап шалған жандардың ауру-сырқаудан тез сауығып жатқанын айтуда.

Садақа – барлық бәленің бетін қайтарып, жақсылыққа жеткізетін амал. Жамағаттар жұмылып нәзір құрбандығын атап сойып, таратып жатыр.

Алла Тағала қасиетті Құранда мұсылмандардың нәзір құрбандық шалып, етін жоқ-жітіктерге үлестіруге бұйырған. Ақыры қайырлы болатыны да баяндалған.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінде бір бұқа шалынып, еті тұрмысы төмен 40 отбасыға үлестірілді. Ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебек сырқаттарға шипа, жұртқа амандық тіледі.

Алла Тағала қабыл Етсін!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу