Жаңалықтар Жергілікті

СОЗАҚҚА БАРСАҢ…

Созақта іс-сапармен жүрген облыс имамы бастаған екі ауданның имамдары мұражайға бас сұқты. Тағылымға толы Созақ тарихымен танысты.

Имамдар жан-жақты білімді болуы тиіс. Тарихты білулері шарт.

Мұражай директоры ұлт зиялысы Сұлтанбек Қожановтың өмірбаянына ерекше тоқталды. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов дін қызметкерлерінен зияткерлік талап етіліп жатқанын айтып, бұл іс-шаралардың біліктілікті бағытталғанын атап өтті.

Еркебұлан Ыбрайымұлы мұражай ұжымына ризашылығын білдірді. Мұражайда сақталған тарихты шаң бастырмай, қызығушылық танытуға әріптестерін шақырды.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу