Жаңалықтар Жергілікті

Сіз алған заттың ақшасы…

Мешіттерден көмек сұраушылар өте көп. Алайда, олардың баршасына бірдей жәрдемдесуге қауқар жоқ.

Имамдар “әу-пірімдеп” қолдан жәрмеңке ұйымдастырса да, қайырымдылықтың қамын жасайды. Демек, сіз алған заттың ақшасы бір жанның мұқтаждығына жұмсалады.

Кентау қалалық орталық мешітінде “Зекет” бөлімінің жетекшісі Дастан Құрбанқұловтың ұйымдастыруымен дәстүрлі жәрмеңке жалғасуда. Шарапатты шара діни сауат ашу курсының қыз-келіншектері атсалысуымен өтті.

Шәкірттер бар өнерлерін салып, әзірлеген тағамдары мен түрлі бұйымдарын қолжетімді бағада сатты. Жақсылық жасауға асығайық!

 

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу