Жаңалықтар Жергілікті

ШЫН ШЕЙІТТЕРГЕ АРНАП ИМАМДАР ҚАТЫМ ДҰҒАСЫН ОҚЫДЫ…

Соғыссыз-ақ өкпенің қабынуынан қанша адам өтті, өмірден. Біреулер бейбіт күнде соғысып өздерін шәһид санап жүрсе, шын шейіттер науқастан көз жұмғандар екен.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: “Алла жолында қаза тапқандардан басқа шәһидтердің жеті түрі бар: індеттен қайтыс болғандар – шәһид; өкпенің қабынуынан қайтыс болғандар – шәһид; құрсақ дертінен шетінегендер – шәһид; өртте өлгендер – шәһид; құлаған ғимарат астында қалғандар – шәһид; жүктілік кезінде қаза болған әйел – шәһид”,- деген. Шейіттердің қабірі кең, жүзі жарық, жәннаттық жандар болады.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде вирустан бақилық болғандарға Құран бағышталды. Түркістан облысы бойынша имамдар марқұмдарға дұға етті.

Облыстық мешіттегі Құран қатым дұғасына облыс имамы мен Түркістан қаласының бас имамы қатысты

 

Кентау қаласының имамдары мен жас қарилары “Ұлттық аза тұту күніне” арнап 6 рет Құранды қатым етті

Арыс қаласында шын шейіттерге Құран сауабы бағышталды

Келес ауданында бас имамның өзі қатым батасын қайырды

Сарыағаш ауданындағы барлық мешіттерде Құран қатым оқылды

Созақ ауданының бас имамы Алладан рақым тіледі

Төлеби ауданының имамдары да аурудан пәниге аттанғандарға арнап Құранды толық оқып қатым түсірді

Түлкібастық имамдар да Құран қатым етіп, сауабын марқұмдарға бағыштады

Шардара аудандық орталық мешітінде Сүлеймен Моллатілеу қари қатым дұғасын оқыды

Жетісай аудандық мешітінде қала имамдары дұға етті

 

Мақтаарал ауданының бас имамы Құран қатым етіп, дұғасын оқыды

 

Ордабасы ауданында да Құран қатым етіліп, сауабы марқұмдарға бағышталды

 

Қазығұрт ауданының имамдары ауылдық мешіттерде Құран оқыды

 

Имам Шафий: «Қабір басында Құран аяттарын оқу мұстахап амал саналады. Ал, Құранды басынан аяғына дейін оқыса нұр үстіне нұр болады» дейді. Қабір иелерін Құран қуантады әрі сауабы барады.

Алла Тағала марқұмдардың баршасына рақым Етсін, разы Болсын, сырқаттанып жатқан жандарды есен-сау Сауықтырсын, ауру-сырқаудан жұртымызды аман Сақтасын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу