Жаңалықтар Жергілікті

ШЕКТЕН ШЫҚПАЙ…

Бүгінде дәстүрдің өзі бұзылып барады. Түп нұсқасы түрлі өзгеріске ұшырап, дұрыс-бұрысын ажырату мұңға айналды.

Түбекке арақ құйып, шүмекпен ішкенді де көрдік. Бабаларымыз мұндай сорақы салт қалдырмаған.

Той-томалақта дастарханға арақ қою, шілдехананы шараппен жуу ұлттық дәстүрде атымен жоқ. Шариғатта тіпті тиым салынған.

Арам тұрған жерде ешбір дұға-тілек қабыл болмайды. Құдайдың қарғысы жауып тұрады.

Бұдан бөлек, тұсаукесер рәсімінде де өрескел қателік кеткен. Қазақ қыз баласының тұсауын кеспеген.

Ал, бүгінде ұлдың да, қыздың да тұсауы кесіліп, жаман ырымға бастап жүрміз. Қазақ ұстанған байырғы салт-дәстүрден ұялмау керек.

Қазір ұлттық ұстанымдар бұзылып, оған бидғатшылар қосылып, дін мен дәстүрдің айналасында дау көбейді. Хаққа серік қосып, шариғат шегінен шықпаса, әдет-ғұрыптың жаттығы жоқ.

“Ақмешіт” мешітінде өткен жиында дәстүр дәріптелді. Аудан имамы Еркін Полатов дін мен дәстүрдің сабақтастығын айтты.

Бәйдібек аудандық орталық мешіті

Пікір жазу