Жаңалықтар Жергілікті

ШАРДАРАДА ЖАҢА ИМАМ

ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Шардара ауданының бас имамы ауысты. Бұл ауданда 14 жылдан артық қызмет еткен Асылхан Данияров соңғы есебін тапсырды.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді ризашылығын білдіріп, өз атынан алғыс хат табыстады. Жылдық жиналысқа жиылғандарға Шардара ауданына бас имам болып жаңадан тағайындалған Марат Асановты таныстырды.

Марат Рахматуллаұлы 1986 жылғы Шардара қаласының тумасы. Үйленген, 5 баланың әкесі.

Қари. “Нұр-Мүбәрак” университетін тәмамдаған исламтанушы маман. Магистр.

Әр жылдары облыстық мешіттерде наиб имамдық қызметтер атқарған. Шардараға Шымкенттен ауысып келді.

Айта кетейік, биыл облыста төрт аудан имамы жаңадан сайланды. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу