Жаңалықтар Жергілікті

ШАРАПАТЫ ТИДІ…

“Берекелі Рамазан” марафоны Төлеби төрінде де басталды. Бір күнде 1 млн 400 мың теңгеге көмек көрсетілді.

“Досалы ата” мешітінің имамы Ахрархан Исманов 35 отбасыға ет пен азық-түлік таратты. Қайырымдылыққа 1 млн 200 мың теңге жұмсалды.

“Әбдіқайым ата” мешітінен 10 отбасыға 110 мың теңгенің көмегі берілді. Мешіт имамы Әбділлә Омаров жамағаттың аманатын мұқтаждарға жеткізді.

Сондай-ақ, “Тәубе” мешітінің имамы Нұржан Иманәлиевтің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына да марафонның шарапаты тиді. 5 отбасы 103 мың теңгеге азық-түлік таратылды.

Аудан имамы Үсен Сауырбаев марафонның жалғасатынын айтып, алғашқы қол ұшын созғандарға ризашылығын білдірді. Айта кетейік, жуырда акция аясында аудандық орталық мешітте 100 отбасыға азық-түлік үлестірілген еді.

Рамазан айында көп жақсылық жасауға шақырамыз. Алла Тағала акцияларға атсалысып жатқан жомарттарға берекесін Берсін!

Төлеби аудандық орталық мешіті

Пікір жазу