Жаңалықтар Жергілікті

Шәкірттерді қызметке шақырды

Сарыағаш медресе-колледжінде сегіз жүзге жуық студент бар. Олардың жартысы тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түскен. Жер-жерден келген шәкірттер «Исламтанушы» болып шығады.

Сарыағаш медресе-колледжінің түлектерін дін қызметіне тартып, облыста туындап жатқан кадрлық тапшылықты шешу жоспарланған. Яки, әркім өзі туып-өскен ауданда еңбектене алады.

Шардара ауданының бас имамы Асылхан Данияров студенттермен жүздесіп, “дипломмен ауылға” шақырды. «Туған жерге туыңды тік» деген бабалар өсиетін жеткізді.

Ауыл имам-молдаларының әлеуметтік жағдайын шешуге жергілікті әкімдіктердің атсалысуын облыс әкімінің орынбасары өзі қадағалайтынын айтқан болатын. Шалғай елді-мекендерде діни тұрақтылықты сақтау үшін діни кадрларға сұраныс туындап тұр.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу