30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Үш күндей өтіп кетпесін…

Оқушылардың жазғы демалысына санаулы күн қалды. Үй ай үш күндей босқа өтпесе екен деген тілегіміз бар.

Демалыста пайдалы іспен айналысқан тиімді. Бұрынғыдай еңбекке баулитын мақта терім тұрмақ, сенбіліктің өзіне қорқа тартатын кезең боп тұр.

Балалардың көбісі телефонмен дос боп алған. Ата-ана, үйі ішіндегілерге назар аудара бермейді. Соның салдарынан отбасыда мәміле бұзылып барады.

Отбасы – шариғатта да ұлы ұғым. Қыз баласын кішкене күнінен ошақ қасындағы тіршілікке баулып, ерін сыйлауды ескерте берген жөн. Ал, ер балаға отбасы Алланың аманаты екенін ұғындырып, асырап-бағу, перзенттерін тәрбиелеу мойнындағы міндеті болатынын санасына сіңіру қажет. Бұл жауапкершілікті күшейту тәлімі.

Мақтаарал ауданының бас имамы Қуаныш Бимағамбетов Мырзакенттегі А.С.Пушкин мектебінде отбасы құндылықтарын сақтау турасында насихат айтты. Жиынға ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Діни экстремизмнің қоғамға қауіптілігін түсіндіру мақсатында Еркінабад ауылдық мектебінде де кездесу өтті. Ағымдардың алдауына ермеуге үнднді, бас имам Қуаныш Бимағамбетов.

Алажаздай демалысқа бой алдырмай, бір мезгіл мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарында ата-ана үшін де, ұл мен қыз үшін де пайдалы болатынын айтты. Имандылықты үйренсе, қысастықтан сақтанады деді.

Мақтаарал аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕГІН АЯМАЙДЫ

Yassi.kz

ЖАНТ: ОҚЫМАҒАН, ОҚЫМАЙДЫ

Yassi.kz

ЖОЛДАСТЫҚ ҮШІН…

Yassi.kz

Пікір қалдыру