Жаңалықтар Жергілікті

СЕРГЕЙ ДЕ МҰСЫЛМАН БОЛДЫ…

Сергей сүр бойдақ. Үй-жайы бар, бірақ ошағын жылытатын жан жоқ.

Жалғызжарым жүрген азаматтың жайы оңа ма? Оның үстіне жуырда жұмыссыз қалды.

Көмек сұрап Алланың үйін жағалап жүрді. Оған жамағат жәрдемдесті.

Мұсылмандардың кеңшілігіне риза болған оны бейбіт дініміз қызықтыра бастапты. Ислам жайлы көп сұрапты.

Ақырында Жаратқан Жаббар Иемізге иман келтіруге ниет етіпті. Көпшіліктің көзінше Алланың барлығы мен бірлігіне, Мұхаммед-Мұстафа с.а.у оның Елшісі екеніне куәлік берді.

“Қанайұлы Көбей қажы Әкбар ата” мешітінің жамағатымен танысуға барған Бауыржан Паташов Сергейді бауырына тартып, алғысын білдірді. “Кәпір” деп өзектен теппей, ортасына тартатын асыл дінімізді дәріптеді.

Сергейге жұрт болып көмектесуге шақырды. Қиналғанда қол ұшын созып, дінге келуіне себепкер болған жамағатқа Рахманның нұры жаусын!

Мақтаарал аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу