18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Сауабын бағыштады…

Тірі жанға ас қажет. Марқұмдарға медет керек. Ас тамақтан өтетін болғандықтан, адалынан ішіп-жеу имандылыққа жатады.
Алла Тағала харам еткен нəрсенің бірін де татып алмау – міндет. Харам тамақты тұтынбақ тұрмақ, адал асты алтын табаққа салып күміс қасықпен жеген жандардың асқазаны тозақтың шоғына толатыны ескертілген, хадистерде.

Дана халқымыз “ауру – астан, дау – қарындастан” деген. Тəн саулығын əр адам өзі жəне ұрпағы үшін сақтаса игі.

Шардарадағы “Əбу Мансур əл-Матруди” мешітінде ауданның бас имамы Асылжан Данияров ас ішу əдебі жайында Жұма уағызын айтты. Адал астың атасы – Наурыз тойда болатынын, мұсылман елдері бұл күнді сəн-салтанатымен қарсы алатынын сөз етті.

Жұма намаз соңынан жамағатпен бірге Құран оқып, сауабын марқұмдарға бағыштады. Марқұмдарға Алла Тағаланың разылығы мен рақымын тіледі.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру