Жаңалықтар Жергілікті

САУАБЫ МОЛ МАРАФОН

Облыста “Берекелі Рамазан керуені” марафоны аясында мыңдаған отбасы қажеттілікпен қамтылды. Бір күнде 1100 қорап азық-түлік, мың адамға ауызашар мәзірі таратылды.

Түркістан облыстық мешітінен 300 жанұяға азық-түлік жеткізілді. Қайырымдылыққа Отырар ауданы мен Арыс, Түркістан қалалары өз үлестерін қосты.

Түркістанда жалпы 3 млн теңгеге қайырымдылық атқарылды. Аудандардың әрісі 2,5 млн берісі жарты миллион теңгеден астам қаржыға азық-түлік таратты.

Марафонға мешіт жамағаттары, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен кей әкімдіктер демеуші болды. Облыстық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Еркін Полатов қайырымдылық акциялары жалғаса беретінін айтты.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу