Жаңалықтар Жергілікті

САУАБЫ БАРСЫН ДЕП…

Айша р.а анамыз: “Алла Елшісі с.а у құрбан шалғысы келсе мүйізді, піштірілген, ноғала екі семіз қошқарды алдырып, біреуін Алланың жалғыздығы мен Пайғамбардың с.а.у елшілігін мойындаған үмбетінің атынан, екіншісін Мұхаммед пен әулетінің атынан шалатын еді”,- деген. Жалпы марқұмдардың атынан немесе оларға арнап сауапты істер атқаруға болады.

Әлбетте әрбір амалды ең алдымен Рахманның разылығы үшін ниет етіп, атқарған абзал. Сонда қабыл әрі қайырлы болады.

Құрбандыққа малды Алла Тағаланың разылығы үшін шалып, етін мұқтаждарға садақа етіп, оның сауабын марқұмдарға бағыштайды. Бүгін жалпы ұлттық аза тұту күнінде көптеген мешіттерде имамдардың ұйымдастыруымен құрбандық шалынды.

Ораз ата ауылы “Ешенбау” мешітінің жамағаты бір бұқа сойды. Етін тұрмысы төмен отбасыларға таратты.

Аудан имамы Айдарбек Садықов Құран оқып, жамағатпен бірге марқұмдарға иман байлығын, елімізге қайыр тіледі. Алла Тағала берген садақа, шалған құрбандық, оқыған Құран, сұраған дұғаларды қабыл Етсін!

Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу