-1.6 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Ақпан 2019 / 15 Жумад ас-сәни 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Сарыағаш: Əйелдер ақыреті үшін білім алуда

Қияметте əркімнің бұ дүниедегі амал-əрекеті таразыға тартылады. Сондықтан есеп күні есеп беруге осы бастан əзірлік керек.

Ғамру ибн Әл-Ғастан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз с.а.у:
“Расында, Алла Тағала қиямет күні менің үмметімнен болған бір адамды көпшіліктің алдында құтқарады. Сөйтіп оған көз жетер жерден тоқсан тоғыз амалдары жазылған кітапты алып келеді.

Кейін оған айтады:
– Сен мына істеріңді мойындайсың ба? Әлде саған жазушыларым зұлымдық қылды ма?

Ол айтады:- Жоқ, Ия Раббым!

Сонда оған: – Сенде үзір барма?

Ол айтады:- Жоқ, Ия Раббым!

Сонда оған:- Расында, бізде сенің бір жақсылығың бар, әрі онда саған зұлымдық жоқ, сөйтіп оған куәлік шығарылады. Онда “Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі”,- деген.
Алла айтады:”- Өлше!”,- деп, сонда ол:- Иә Раббым! Мына куәлік не тұрады, мына кітаптардың жанында?

Алла айтады:- Расында, сен зұлымдық көрмейсің.

Сөйтіп кітаптар-таразының бір табағына, ал куәлік екінші табағына қойылады. Кітаптар жағы жеңіл тартып, куәлік жағы ауыр басады. Алланың есімінен ешбір нәрсе ауыр келе алмайды”,- деген.

Құранда адамдарға қиямет күні жайында баяндалған ескерту аяттар баршылық. Білім алу – ер мен əйелге бірдей парыз. Ол білім – ілім.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің діни сауат ашу курсында оқитын шəкірт қыз-келіншектер ақида сабағынан сынақ тапсырып тұрады. Бұл жолы ақыретке дайындық жайында сұралды.

Курста елуден астам шəкірт бар, оның оны алпыс жастан асқан жетпіске таяған əжелер. Пайғамбарымыз с.а.у əсіресе əйелдер үшін көп алаңдаушылық білдіріп, көптеген өсиеттер айтып кеткен.


Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шәкірттерді қызметке шақырды

Yassi.kz

Түркістан облысында аттестаттау басталды

Yassi.kz

Зекетін бөліп берді…

Yassi.kz

Пікір қалдыру